«Тау-Кен Самұрық» арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңге инвестицияланды

/
«Тау-Кен Самұрық» арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңге инвестицияланды

Геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық стандартына сай есепке қою жоспарлануда.

«Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа» басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады», — деп атап өтті Иран Шархан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары