Күйеуінен мәһрге принтер сұраған мұғалім желі жұдызына айналды

/
Күйеуінен мәһрге принтер сұраған мұғалім желі жұдызына айналды
жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде жұбайынан мәһрге түрлі түсті принтер сұраған мұғалімнің видеосы танымал болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» - деп жазба қалдырды автор.

Қалыптасқан дәстүрді бұзған мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікірлер қалдырған.

«Неке қиып жатса да, жұмысын ойлайтын мұғалімдер-ай», «мен де қазіргі уакытта тұрмыс құрсам солай айтар ма едім, мұғалімдер-ай, неге бізді Құдай осылай жаратты екен», «мен де 10 жыл бұрын мамандығыма байланысты принтер мен ноутбук сұраған едім, есіме түсіп кетті ғой», «киім алса да, мектепке киюге болатынын ойлап тұратын мұғалімдер-ай», - деп жазып жатыр қалың жұртшылық.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары