2025 жылғы 17 желтоқсанда Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты абайсызда адам өліміне әкеп соққан, медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Балқаш қаласы ЖБ хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, сотталушы М.-ға өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, оларға ұқыпсыз қарауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттері үшін (ҚР ҚК-нің 317 б. 3 б.) айып тағылды.
Сот 2023 жылғы шілде–қараша айлары аралығында науқас А.-ны емдеу барысында сотталушы М.-ның клиникалық хаттамалар мен лауазымдық міндеттерді бұзғаны анықталды, бұзушылықтар хирургиялық араласу туралы шешімді уақтылы қабылдамаудан және емдеудің дұрыс әдісін таңдамаудан көрінген.
Жіберілген дәрігерлік қателіктердің нәтижесінде науқастың жағдайы нашарлап, кейіннен 2023 жылдың 6 қарашасында қайтыс болды.
Сотталушы М.-ның кінәсі оның кінәсін мойындау айғақтарымен, сарапшылардың, мамандардың және куәлардың көрсетулерімен, тексеру актілерімен, сараптама қорытындыларымен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Прокурор жасалған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты М.-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші тарап істі тоқтатуға қарсылық білдіріп, айыптау үкімін шығаруды сұрады.
Сотталушы және оның адвокаты М.- ды жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Соттың шешімі:
Сот ҚР ҚК-нің 317 б. 3 б. санкциясы қылмыстардың онша ауыр емес санатына жататынын, ал мұндай қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ҚР ҚК-нің 71 б. 1 б. 2) т. сәйкес екі жылды құрайтынын анықтады.
М.-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мән-жайлары 2023 жылғы 6 қарашада орын алған.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі жылдан астам уақыт өткен.
Осыған байланысты ҚР ҚПК-нің 35 б. 1 б. 4) т. және 4 б. сәйкес қылмыстық іс қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылуға жатады.
Аталған мән-жайларды ескере отырып, сот ҚР ҚК-нің 317 б. 3 б. бойынша М.-ды қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатып, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатты.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.