Алматы – Бангкок ұшағы шұғыл түрде Делиге қонды

/
Алматы – Бангкок ұшағы шұғыл түрде Делиге қонды
istockphoto.com

18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындаған ұшақ техникалық себепке байланысты Дели әуежайына қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады.

138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан сағат 01:00-де ұшып шығып, Делиге сағат 05:51-де штаттық режимде қонды.

Барлық жолаушыларға тамақ берілуде, уақытша визалар рәсімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік әуе кемесі дайындалуда.

— Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компаниясы үшін сөзсіз басымдық болып табылады, — деді компания өкілдері.

Әуе компаниясының WhatsApp арқылы жұмыс істейтін жедел желісі: +7 702 702 00 74.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары