Боксшы Балауса Мұздыман шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

/
Боксшы Балауса Мұздыман шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Балауса Мұздыманның 27 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі мойын жарақатына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында боксшының өзі мәлімдеді.

"Бұл жекпе-жекке мен және менің командам ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Дайындыққа көп еңбек пен күш жұмсалды, оқу-жаттығу процесі толық көлемде өтті. Қазіргі уақытта мен қалпына келу кезеңінен өтіп жатырмын және жоспар бойынша жұмысымды жалғастырудамын. Жаңа жылдан кейін жаңа энергиямен қайта ораламын. Бокс кеші менің қатысуымсыз өтеді, алайда оған баруға болады. Бағдарламада қазақстандық боксшылар Али Ахмедов, Бекман Сойлыбаев және басқа да спортшылардың жекпе-жектері жоспарланған", - деп жазды Б. Мұздыман әлеуметтік желіде. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары