Тараздағы көшелердің біріне Шәкен Ниязбековтің есімі берілді

/
Тараздағы көшелердің біріне Шәкен Ниязбековтің есімі берілді
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тараз қаласында көшелердің біріне Мемлекеттік Тудың авторы, белгілі суретші Шәкен Ниязбековтің есімі берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның атын ұлықтау туралы бастама қоғам белсенділері тарапынан бірнеше жыл бойы көтеріліп, нәтижесінде оң шешімін тапты.

Енді қаланың бір бөлігі ресми түрде Мемлекеттік Тудың авторының атымен аталады. Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары ұсынылған 1200-ден астам нұсқаның ішінен Шәкен Ниязбеков әзірлеген ту үлгісі үздік деп танылып, бүгінде 33 жылдан бері Қазақстанның басты рәмізі ретінде қолданылып келеді.

Сонымен қатар, таяу уақытта суретшінің есімі қаладағы мектеп-гимназияға да берілмек. Қазіргі таңда аталған білім ордасының ең көрнекті әрі құрметті орнына Шәкен Ниязбековтің бюсті орнатылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары