Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негізгі драйвері. Ол жалпы өңірлік өнімінің 60%-ын және жергілікті бюджетке түсетін кірістердің басым бөлігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл салада жұмыспен қамтылған тұрғындардың 90%-ы еңбек етеді. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,4%-ға артып, 387 мыңға жетті. Ал, өндірілген өнім көлемі 21 %-ға өсті.
«Шағын және орта бизнесті қолдау және одан әрі дамыту мақсатында 1 мыңнан астам жобаны қолдауға 2025 жылы бюджеттен 50 млрд теңгеден астам бөлінді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен көшпелі баспасөз конференциясында.