Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

/
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

16 желтоқсан күні сағат 20:30-да Орал – Кирсаново автожолының 14-шақырымында, Влодарское кентінен екі шақырым қашықтықта екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

"1989 жылы туған KIA K5 автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1974 жылы туған ер адамның басқаруындағы ВАЗ-2104 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2104 көлігінің тағы бір жолаушысы жарақат алып, Орал қалалық ауруханасына жеткізілген. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол жүрісі қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. KIA K5 жүргізушісі ұсталды, апаттың мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары