Қызылорда облысының Арал ауданында Тоқабай және Ерімбетжаға ауылдарында жаңа су жүйелерінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік нысандар прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.
Әлеуметтік нысандардың ашылуына облыстық мәслихат төрағасы М. Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қ. Нұртай, аудан прокуроры М. Бекпанов және қоғам өкілдері қатысты.
Жобаның жүзеге асырылуы 1000-нан астам аудан тұрғынының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.
Ауызсу нысандарының іске қосылуы мемлекетке қайтарылған активтердің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді пайдаланылуының жарқын дәлелі болып табылады.
Өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысы облыстық прокуратураның бақылауында.