Майкл Джексонның қолтаңбасы бар постер Димашқа сыйға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сенги Иосан Дубал есімді жанкүйер Майкл Джексонның өз қолымен табыстаған постерін Димаш Құдайбергенге сыйға тартты.
«Бұл менің үйімде сақталған ең бағалы дүниелердің бірі. Енді сенің шаңырағыңда тұрсын», – деп оны аманат етіп берген.
Ең қызығы, аталған постер 1994 жылдың 24 мамырында табысталған. Дәл сол күні Димаш өмірге келді.
Мұндай дерек Qazaqstan телеарнасына көрсетілген Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концертінің телевизиялық нұсқасында айтылған.