Бүркіт пен Айша қостанайлық курсанттардың қонағы болды (ВИДЕО)

/
Бүркіт пен Айша қостанайлық курсанттардың қонағы болды (ВИДЕО)

"Бүркіт" атымен танылған әнші Айбек Сейітов жары Айшамен бірге Қостанайлық курсанттардың арасында болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мереке құтты болсын, отандастар! Бүгін біз Қостанай қаласының ІІМ академиясына саяхат жасап келдік! Курсанттармен кездесіп, әңгімелесіп, сұрақтарына жауап беріп, әндерімізді айтып қайттық! Курсанттардың асханасына барып, бірге тамақ ішіп те үлгердік! Генерал-майор Ақынғали Дарменов мырзаға үлкен рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық, халқымыз тоқ болсын!", - деп жазды Айбек Сейітов әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ жұлдызды жұп курсанттар асханасына бас сұғып, олармен бірге ауқаттанған.

Ал әншілердің тыңдармандары олардың бұл әрекетін құптап, ризашылық білдірген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары