Ұлттық банк «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды

/
Ұлттық банк «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды
Ұлттық банк

Ұлттық банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясы аясында «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа тиындар қазақ халқының дәстүрлі спортына арналған.

Коллекцияға үш түрлі монета кіреді. 1000 теңгелік күміс монета, сондай-ақ 200 теңгелік мельхиор және нейзильбер монеталар. Жалпы таралымы - 57 мың дана. 

Металл ақша еліміздің барлық аумағында заңды төлем құралы ретінде қабылданады. Сатылым 17 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары