Алматылық кондитерлер Тәуелсіздік күніне арнап 100 келі болатын торт әзірледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы блогер Алмасбек Батыров жазды.
«Тәуелсіздік күніне арнап 100 келі торт дайындадық. Тортты отандық «Qullynai» компаниясымен бірге осындай Қазақстанның картасы үлгісінде әзірледік. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын», – деді ол.