Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айтты

/
Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айтты
Ақорда

Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары