Вьетнамдағы қайғылы оқиға: Фукуокта демалған қазақстандық туристің анасы көз жұмды

/
Вьетнамдағы қайғылы оқиға: Фукуокта демалған қазақстандық туристің анасы көз жұмды

Вьетнамның Фукуок аралында демалып жүрген қазақстандық туристің анасы кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Оқиға алдында анасы өзін жақсы сезініп, қызы және турагенттік өкілдерімен сөйлескені айтылады. Ертеңіне қызы анасының оянбай жатқанын байқап, жергілікті жедел жәрдем шақырғанымен, әйел есін жимаған.

Туристік агенттік басшысы Дами Каримжанованың айтуынша, марқұмның жасы – 54-те, қызы – 24-те. Туыстарының сөзінше, анасының бұрын ауыр диагноздары болмаған. Денесі мәйітханаға жеткізіліп, қазір Қазақстанға тасымалдау мәселесі сақтандыру компаниясы, “Туристік Қамқор” және СІМ арқылы пысықталып жатыр. Мәйітті сойдырудан бас тартқан, өйткені бұл процесс елге жеткізуді бірнеше айға дейін созып жіберуі мүмкін. Ал алдын ала мәлімет бойынша, тасымалдау шамамен екі апта ішінде жүзеге асуы ықтимал, қосымша төлеммен жылдамдатуға болады. Шығынды сақтандыру өтейтіні айтылды.

Туризм индустриясы комитеті бұл жағдай бойынша өз атына ресми өтініш түспегенін хабарлап, шетелде қайтыс болған адамның мәйітін елге жеткізу туристік сақтандыру шарты аясында сақтандыру компаниясы арқылы жүзеге асатынын мәлімдеді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары