Сиднейдегі терактты кімдер жасағаны белгілі болды

/
Сиднейдегі терактты кімдер жасағаны белгілі болды

Аустралияның Сидней қаласында 15 адам қаза тауып, 40 адам жараланған терактты жасаған қылмыскерлер бір отбасының адамдары болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясының комиссары Мал Лэньон баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Тергеу деректері бойынша, Бондай жағажайында адамдарға шабуыл жасағандар — қаланың оңтүстік-батысында орналасқан Бонниригг ауданында тұратын екі тұрғын. 

«24 жастағы ер адам ұсталу кезінде ауыр жараланып, ал оның 50 жастағы әкесі өлтірілді. Кеше болған оқиғаны шабуылға қатысқан адамдардың алдын ала жоспарлағанына ешқандай белгі жоқ», — деді деді Лэньон. Сондай-ақ ол шабуыл жасағандардың бірінің «лицензиясы болғанын және шамамен 10 жыл бойы атыс қаруын заңды түрде иеленіп келгенін» айтты.

14 желтоқсанда Аустралияның Сидней қаласында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 16-ға дейін жетті. Қаза тапқандардың арасында қылмыскер де бар.

Бұл жайында Nine Today Show телебағдарламасының эфирінде Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының денсаулық сақтау министрі Райан Парк мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, қаза тапқандардың ішінде бір бала бар: ол түнде Рэндвик ауданындағы Сиднейдің балалар ауруханасында көз жұмған.

«Бұл — жалпы қоғамымыз үшін, барлық аустралиялықтар үшін өте қорқынышты жағдай, бірақ әсіресе еврей қауымдастығы үшін ауыр», — деді Парк.

Министрдің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккен төрт адам балалар ауруханасына ауыстырылған.

Жалпы, полиция мәліметі бойынша, 42 адам ауруханаға жатқызылған.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары