«Неге тексермейді?»: Туған күнінде гаҺар жүзік таратқан блогер сынға қалды (ВИДЕО)

/
«Неге тексермейді?»: Туған күнінде гаҺар жүзік таратқан блогер сынға қалды (ВИДЕО)
Скриншот

Алматылық блогер Ақбота Нұрахын туған күніне келген қонақтарға гауһар тасы бар жүзіктер таратты. Алайда оның әрекетін желі қолданушыларының сынға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде пікір қалдырғандар мұндай әрекетті артық шығын деп бағалап, блогерлердің табыс көздерін тексеру қажет екенін жазды.

«шын ба? Осынша адамға граф бриллиант беру үшін қанша ақша керек? Қазір мейрамхана ақшасын төлеу де оңай емес», «Қарапайым кәсіпкерлерді тексергенше осыларды неге тексермейді? Не деген ақша мынау?!», «Осыларда не қылған есепсіз ақша», - деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары