WSJ: бай қытайлықтар 200-300 баланы АҚШ-тан "тапсырыспен" алып жатыр

/
WSJ: бай қытайлықтар 200-300 баланы АҚШ-тан "тапсырыспен" алып жатыр
сурет: istockphoto.com

Қытайдағы ауқатты азаматтар АҚШ-та суррогат ана қызметіне жаппай жүгініп, 200–300 балаға дейін «тапсырыс» беріп жатыр. Мақсат – өздері «жеңілмейтін әулет» деп атайтын үлкен династия құру, деп хабарлайды turkystan.kz The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл нарықта тіпті агенттіктер пайда болған. Болашақ ата-аналар биологиялық материалын пошта арқылы АҚШ-қа жібереді, бір бала үшін 200 мың долларға дейін төлейді. Ал агенттіктер суррогат аналарды табудан бастап, баланы күтіп-бағу, азаматтық пен құжаттарды рәсімдеу ісін өз мойнына алады. Кейін балалар ата-аналарына жеткізіледі.

Ең резонансты жағдайлардың бірі қытайлық ойын бизнесінің өкілі Сюй Боға қатысты тіркелген. WSJ дерегінше, оның 300-ден астам баласы бар, олардың кемінде 100-і АҚШ-та суррогат ана арқылы дүниеге келген. Басылым басқа да бай тапсырыс берушілердің бір мезетте 100-300 баладан жоспарлап отырғанын жазады.

Сарапшылар бұл құбылыс этикалық, құқықтық және демографиялық сұрақтарды күшейтіп отырғанын айтады. АҚШ-та суррогат ана қызметі бірқатар штатта заңды болғанымен, шетел азаматтарының оны жаппай пайдалануына қатысты қоғамда пікірталас үдей түскен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары