Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері 2025 China Grand Final аясында Қытайдың Шаоян қаласында өткен BRICS Skills Competition халықаралық чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жарысқа барлығы 82 команда қатысты. Оның ішінде 65 қытайлық команда және 17 халықаралық команда болды. Халықаралық командалар Қазақстан, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда және Оңтүстік Африка елдерінен келді.
BRICS-FS-16 / Internet of Things «Интернет заттар» бағыты бойынша өткен халықаралық финалда маңғыстаулық команда 3-орын иеленді. Команда құрамында студен Сүндет Баянов, Разаман Ануар, эксперт Әділбай Жақсылық болды.
Бұл жетістік – Қазақстан студенттерінің халықаралық деңгейдегі кәсіби дағдылары мен техникалық даярлығының жоғары екенін дәлелдейтін маңызды нәтиже.