"ҚазАвтоЖол" ауа райының нашарлауына байланысты бүгін республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылғанын хабарлады.
Атырау облысында:
"Атырау-Орал" автожолынның14-189 шақырым аралығында (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысында:
"Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" 189-375 шақырым аралығында (Чапай елді мекенінен Атырау облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2025 жылдың 14 желтоқсанында сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысында:
"РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда қ.).
Жолды 2025 жылдың 14 желтоқсанында сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысында:
"РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылы - Қызылорда облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылдың 14 желтоқсанында сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Ведомстводағылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті