Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының орташа өлшенген сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 521,61 теңгеден сатып алынып, 523,71 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 610,95 теңгені құраса, сату құны 616,24 теңгеге жеткен. Ал рубль 6,46–6,58 теңге аралығында саудалануда.
Астанада долларды 520,41 теңгеден қабылдап, 527,39 теңгеден ұсынып отыр. Еуро 609,56 теңгеден сатып алынып, 619,54 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,45–6,60 теңге шамасында қалыптасты.
Шымкент қаласында доллар 521,96 теңгеден сатып алынып, 523,96 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 609,58–615,46 теңге аралығында, ал рубль 6,48 теңгеден қабылданып, 6,55 теңгеден ұсынылып отыр.
Айта кетейік, Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамына сәйкес, 1 доллар – 520,38 теңге, 1 еуро – 612,6 теңге, ал 1 рубль – 6,54 теңге болып белгіленген.
Сондай-ақ, 12 желтоқсандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 522,38 теңгеге жетіп, алдыңғы көрсеткіштен 2,16 теңгеге өскен.