Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионы атанды

/
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионы атанды
ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов ел қоржынына үшінші алтын медальді алып келді. 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы финалда ресейлік Сергей Колденковті жеңіп, чемпион атанды.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов мансабында тұңғыш рет алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін ол аталмыш жарыстарда үш мәрте қола медаль иеленген болатын.

Айта кетейік, Жүсіпов турнир барысында бірнеше мықты қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалға дейін сүрінбей жетті. Олардың қатарында қырғызстандық Ихтияр Нишанов та бар.

Бұл — Қазақстан құрамасының үшінші алтыны. Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен 57 келіде Оразбек Асылқұлов жеңіс тұғырынан көрінген еді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары