Таразда зейнеткерді үйінің ауласында пышақтап кеткен

/
Таразда зейнеткерді үйінің ауласында пышақтап кеткен
көрнекі сурет интернеттен алынды

Таразда жасы үлкен ер адам зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға кеше тұрғын үйлердің бірінің подъездінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы хабарламалар жұма күні, 12 желтоқсанда әлеуметтік желілерде жарияланды. Желі қолданушыларының айтуынша, жергілікті тұрғындар кеше 83 жастағы ер адамның мәйітін тапқан.

Олардың дерегінше, ол дүкеннен қайтып келе жатып күдіктімен кездесіп, оны үйіне шақырған. Үйдің подъездінде әлгі адам пышақ шығарып, марқұмға бірнеше рет сұғып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына болған жағдайға қатысты түсініктеме берген.

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді ведомство.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 68 жастағы Тараз тұрғыны болып шықты. Полицейлер оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Қазір істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заң талаптарына сай қатаң орындалады. Тергеу аясында процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары