Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме 2025 жылдың басынан бері тіркелген некелерге қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мекеме ұсынған дерекке сүйенсек, қалада күн сайын орта есеппен 90-ға жуық неке тіркеледі. Қалыңдықтардың орташа жасы – 28, ал күйеу жігіттер – шамамен 31 жаста.
Тіркелген некелер арасында көпшіліктің назарын аудартқан ерекше жағдайлар да кездескен. Солардың бірі – 85 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйелдің некеге тұруы. Сонымен қатар, ата-анасының және уәкілетті органдардың келісімімен 16 жастағы екі жасөспірім де некелерін ресми түрде тіркеген.