БҚО-да Ақтау тұрғынын 58 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

/
БҚО-да Ақтау тұрғынын 58 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды
Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары