16 желтоқсанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

/
16 желтоқсанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 16 желтоқсанда, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары