Алматыда желі арқылы тыйым салынған жарнаманы таратқан әйел ұсталды

/
Алматыда желі арқылы тыйым салынған жарнаманы таратқан әйел ұсталды
Polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері интернет кеңістігінде тыйым салынған ресурстың жарнамасын таратқан әйелді ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде заңмен тыйым салынған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылық. Біздің міндетіміз мұндай әрекеттерді ерте кезеңде анықтап, жолын кесу және азаматтарға келуі мүмкін кез келген қауіптің алдын алу. Полиция интернет кеңістігіндегі тәртіпті бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда және тұрғындарды күмән тудыратын парақшалар мен мазмұн туралы дереу хабарлауға шақырады, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазір аталған факт бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары