Елорда көшелері жаңара түсті

Елорда көшелері жаңара түсті
ашық дереккөзден алынды

Биыл Астана қаласында жол жөндеу қарқыны ерекше жоғары болды. Шаһар көшелерінде жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары көлік қозғалысын уақытша шектегенімен, ұзақ мерзімде жол сапасын жақсартып, тұрғындардың күнделікті жол қатынасын жеңілдете түсті.

Көктемнен бастап елорда жолдарының құрылысы жандана бастады. 2025 жылы қа­ланың жол инфрақұрылымын жақсарту бағ­дарламасы аясында 60-тан астам кө­ше­де орташа жөндеу жұмыстары жос­парлан­ған болатын. Көлік және жол-көлік ин- ф­ра­­құрылымын дамыту басқармасы қа-лалық жол­дарды салу және жөндеу бойын-ша ау­қым­ды жұмыстар жүргізді. 
Биыл 25 қазаннан бастап Қ.Қайсенов кө­шесінде Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жы­рау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ашыл­ды. Бұл бағытта бағдаршамдар орна­ты­лып, абаттандыру, жарықтандыру және жол белгілерін орнату жұмысы жүргізілді.
Сондай-ақ Қ.Аманжолов көшесінде Райым­бек батыр көшесінен Ш.Қалдаяқов кө­шесіне дейінгі аралықта асфальтбетон жа­бынының төменгі қабатына дейін қоз­ғалыс толық қалпына келтіріліп, ин­же­нер­лік желілерді жүргізу жұмыстары аяқталды. Жиектастар орнатылып, жол негізі төселді. 
28 қазаннан бастап Д.Қонаев көшесінде Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даң­ғы­лына дейін көлік қозғалысы қайта жан­дан­ды. Нысанның жер үсті бөлігінде негізгі құ­рылыс жұмысы аяқталды. Жаңа жол жа­мылғысы төселді, жол таңбалары бел­гі­ленді, барлық қажетті жол белгісі орна­ты­лып, учаске толықтай пайдалануға берілді.
Әйтеке би көшесінде де (Қ.Мұха­мед­ха­нов көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) жұ­мыс толық көлемде аяқталды. Д.Қонаев кө­шесінде Тұран даңғылынан Қабанбай ба­тыр даңғылына дейін көлік қозғалысы қай­та жанданды. Нысанның жер үсті бө­лігін­де негізгі құрылыс жұмысы аяқталды. Жаңа жол жамылғысы төселді, жол таң­ба­лары белгіленді, барлық қажетті жол бел­­гісі орнатылып, учаске толықтай пай­да­лануға берілді. 
Жаңа жолдар Төле би, А62, Қ.Мұхамед­ха­нов сияқты жаңа құрылыс аймақтарында с­алынды. А62 көшесінде Астана-Қарағанды тасжолынан А91 көшесіне дейінгі учаскеде жұмыс аяқталды. Құрылысы өткен жылы басталған Қ.Мұхамедханов көшесінде де (Қорғалжын тас жолынан Айтматов көше­сіне дейін) көлік қозғалысы ашылды. Бұл ірі қиылыстардағы кептелісті азайтуға мүм­кіндік береді. Аталған аудандарда кейінгі жыл­дары халық тығыз қоныстан-ғандықтан, жаңа магистральдар тұрғын-дардың негізгі мәсе­лесі кептеліссіз қозға-лыс пен балама ба­ғыттарды шешті.
Биыл Күйші Дина көшесінің құрылысы М.Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғы-лына дейін аяқталды. Жоба ая­сында жол жамылғысы төселіп, жарық шам­дары орнатылды, автотұрақ орындары жасақ-талды және барлық қажетті жол қоз­ғалысын реттеу белгісі қойылды.    
Әйтеке би көшесінде Сығанақ көше­сі­нен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учас­ке де пайдалануға берілді. Биыл жел­тоқ­сан айының соңына дейін бағдаршам ны­сандарын орнату жоспарланып отыр. Бар­лық жұмыс жобалық құжаттамаға сәй­кес жүргізілуде.
Тағы да аяқталған жұмыстардың бірі – Т.Рыс­құлов көшесінің (Мәңгілік Ел даңғы­лы­нан Нұра көшесіне дейін) аумағын абат­тандыру. Жол бойына веложолақша са­лынды, сол сияқты Мәңгілік Ел даңғы­лы­нан Қайсе­нов көшесіне дейінгі аралықта ас­фальттың үстіңгі қабаты төселді, бағ­дар­шам нысандары орнатылып, жинақталған блокты трансфор­маторлы қосалқы станса са­лынды. 
Жөндеу жұмыстары аяқталған нысан­дар­дың бірі – Ш.Қалдаяқов көшесінде Тәуел­сіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейін­гі учаске. Мұнда жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізілді.  
ЕК-32 көшесінде Төле би көшесінен «Хан Шатыр» сауда орталығына дейінгі учас­ке де пайдалануға берілді. 
Ә.Бектұров көшесін Тұран даңғылына шы­ғару жобасы аясында екі көшенің қиы­лы­сына бағдаршам орнатылды. Көше жа­рық­тандырылды, жол таңбалары сызылды, іргелес аумақ абаттандырылды.
Бұқар жырау көшесін жаңарту жұмысы әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көше­сі­не дейінгі учаскеде белсенді түрде жүр­гі­зі­ліп, құрылыстың, жарықтандырудың жә­не жол инфрақұрылымын жаңартудың нә­тижесінде бұл учаске заманауи әрі көрік­ті келбетке ие болып отыр.
Қаладағы жол жөндеу жұмыстарының маңы­зы өте зор. Жөнделген көшелерде ас­фальт жабындысы жақсарып, тегістелуі жол сапасын арттырады, нәтижесінде кө­лік­тердің жаппай тозуы 10-15 пайызға азая­ды, қозғалыс ыңғайлы бола түседі. Мә­селен, автобус жолақтары, жаңа бұры­лыс­тар мен қосымша жолақтар қозғалысты рет­теуге көмектеседі. Жөндеу жұмыстары аяқ­талған соң жарықтандыру, жол белгі­ле­рі, бағдаршамдар және абаттандыру жұ­мыс­тары да жүргізіледі. Бұл – жаяу жүр­гін­ші­лер мен автокөлік қатынасын қауіпсіз әрі жайлы етеді. 
Жаяу жүргіншілер өткелдеріне жаңа жа­рықтандыру жүйесі орнатылады, бағдар­шам­дар интеллектуалды басқару жүйесіне қо­сылады, ал велосипед жолақтары кеңей­тіледі немесе жаңадан салынады. Жаңа әрі жөн­делген жолдар қала көшелері арасын­дағы байланысты нығайтып, кептелістерді азайтуға көмектеседі, қоғамдық көлік мар­шруты тұрақтанады және жол-көлік оқи­ғаларының саны төмендейді. Сонымен қа­тар логистикалық шығындар азаяды, бұл – биз­нес үшін тиімді. 
Жол сапасы жақсарған сайын көлік жөн­деу шығындары азаяды, жүк тасымалы жеңілдеп, шағын және орта бизнеске тиім­ді жағдай жасалады. Сондықтан жолды жөн­деу – қаланың транспорттық инф­ра­құры­лымын жаңарту және тұрғындардың күн­делікті қатынасын жеңілдетуге бағыт­талған ең ірі инвестиция. 
Қала көшелерін салу кезінде эко­ло­гия­лық тазалықтың маңызы өте жоғары, өйт­кені ол тек табиғатты қорғау емес, тікелей адам денсаулығы мен қаланың өмір сапа­сына әсер етеді. Құрылыс барысында шаң-тозаң, ауыр техникадан шығатын газдар ауаны ластайды. Егер экологиялық талап-тар сақ­талмаса, ауа ластанып, тыныс алу аурулары, ал­лергия, созылмалы өкпе мәселелері кө­бейеді. Сондай-ақ жол салу кезінде то­пы­рақ­тың құнарлы қабаты бүлінеді. Дұрыс эко­логиялық менеджмент болмаса, жер эро­зияға ұшырайды, көгалдандыру қиын­дайды. Сондықтан топырақ қабатын бөлек жи­нап, кейін қайта қолдану өте маңызды. Осы орайда Көлік және жол-көлік инф­ра­құрылымын дамыту басқармасы бекітілген жоспарларға сәйкес ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, қала тұрғын­дары мен қонақтары үшін заманауи және қо­лайлы көлік ортасын қалыптастыруға күш салып келеді.
– Жол-құрылыс жұмыстары барысында эко­логиялық стандарттарды сақтау және қа­ланың эстетикалық келбетін қорғау бе­кі­тілген нормативтерді қолдану арқылы қам­тамасыз етіледі. Экологиялық тұрғыдан қауіп­сіз материалдар пайдаланылады, шаң мен шудың деңгейі бақыланады, сондай-ақ құрылыс қалдықтары уақытылы тазала­нады. Барлық жұмыстар қалалық ортаға қойылатын абаттандыру және сәулеттік та­лаптарды ескере отырып атқарылады, – дейді Көлік және жол-көлік инфра­құры­лымын дамыту басқармасы Жолдарды салу және жөндеу бөлімінің бас маманы Асыл Самажанов. 
2025 жылы Астанада жол жөндеу мен жаңа жол салу жұмыстары кең көлемде жүр­гізіліп, қала көшелері біршама жаңар­ды. Бұл – тұрғындардың көлік қатынасын жеңілдетіп, қала инфрақұрылымының са­­пасын арттыратын маңызды қадам. Ал­да­ғы уақытта да мұндай жұмыстар жалғаса бер­се, астаналықтардың күнделікті тірші­лігі жеңілдеп, елорда жолдарының қиын­дық­тары біртіндеп азая бермек.

А.БИМЕНДІ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары