Газдан жаппай уланып, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген екі бала жансақтау бөлімінен профильді бөлімшеге ауыстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оқиға орнына барлығы 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар да бар, зардап шеккен. Олардың бәрі тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін қала ауруханаларына жеткізілді.
— Тексеру нәтижелері бойынша 11 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөліміне түсті. 12 желтоқсан күнгі жағдай бойынша, екі пациент жансақтаудан профильді бөлімшеге ауыстырылды. Барлық балалар профильді бөлімшеде ем қабылдап жатыр, — делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Дәрігерлер стационарларда жатқан барлық пациенттердің жағдайын бақылап, қажетті медициналық көмекті көрсетуді жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы пойыздың жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі екенін және вагондардың түсірілім жүргізу үшін киностудияға берілгенін хабарлады.
Кейінірек көліктегі полиция ҚР ҚК-нің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.