Француз теннисшісі 20 жылға спорттан шеттетілді

/
Француз теннисшісі 20 жылға спорттан шеттетілді

Франция теннисшісі Кентен Фольо келісілген матчтарды ұйымдастырғаны үшін 20 жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Халықаралық теннис адалдығын қамтамасыз ету агенттігінің (ITIA) баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшы сондай-ақ 70 мың доллар айыппұл төлейді және жалпы сомасы 44 мың долларды құрайтын параны өтеуге міндеттелді. Тергеу барысында француз теннисшісінің 27 рет ереже бұзғаны анықталды.

Фольо 2022–2024 жылдар аралығында болған 11 матчқа қатысты 30 айыптауды жоққа шығарды. Бұл кездесулердің сегізінде ол тікелей қатысқан. Айыптаулар матч нәтижесін әдейі бұрмалау, бәске ойнату мақсатында ойынға жеткілікті күш салмау, басқа ойыншыларға келісілген матч үшін ақша ұсыну, инсайдерлік ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қатысу, ITIA тергеуімен ынтымақтаспау және дәлелдерді жою әрекеттерін қамтиды.

Фольоға қазіргі 26 жаста. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары