Мәйіт тасжолдың бойынан табылған. Ер адамды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті зақымданған «ГАЗель» арқылы ұсталған.
"11 желтоқсанында сағат 00:58 шамасында полицияға Астана бағытына шығу жолында, Көкшетау - Рузаевка автожолында көлік қағып кеткен ер адам табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Алдын ала анықталғандай, жаяу жүргіншіні қағып кетіп, содан кейін ЖКО орны қалдырылған. Көлік құралы мен жүргізушіні анықтау мақсатында «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері үйлердің бірінің ауласынан ЖКО-ға тән көрінетін механикалық зақымдануы бар «Газель» маркалы автокөлікті анықтады", - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Көлік жүргізушісі ұсталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.