Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті доктор Масуд Пезешкиан Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаевамен бірге University Medical Center (UMC) құрамындағы Жүрек орталығына барды., деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлемге танымал беделді кардиохирургтардың бірі ретінде Иран Президенті қазақстандық әріптестерінің жұмысын көрді. Аида Балаевамен әңгіме барысында медицина саласының әртүрлі бағыттарында, соның ішінде кәсіби білім беру бойынша ықтимал бірлескен жобалардың кең ауқымы талқыланды.
«Астана медициналық университетінің» профессор-оқытушылар құрамымен, дәрігерлермен және студенттермен өткен кездесу соңында Иран Президентіне Құрметті профессор атағы берілді.