Британиялық ғалымдар қара шоколад қартаюды баяулатуы мүмкін екенін анықтады. Лондондағы Корольдік колледжінің эпигеномика саласындағы зерттеушілері какао құрамындағы табиғи теобромин деңгейі биологиялық жастың төмен болуымен байланысты екенін анықтады. Материалды алғаш Daily Mail жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зерттеу 60 жас шамасындағы 1 669 адамның ДНҚ-сына жасалған талдауға негізделген. Ғалымдар теломер ұзындығы мен химиялық өзгерістерді салыстыра отырып, теобромин деңгейі жоғары қатысушыларда биологиялық жас нақты жасынан төмен екенін байқаған. Теобромин какао бұршақтарында табиғи түрде кездеседі және қара шоколадқа тән ащы дәмді береді.
Зерттеу авторы, профессор Джордана Белл, нәтижелерді дұрыс түсінуге шақырады: қара шоколадты көп мөлшерде жеуге кеңес берілмейді. Өнім құрамындағы қант пен май әлі де қауіп факторы болып саналады. Дегенмен, теоброминнің ықпалы күнделікті тамақтанудың адам денсаулығына әсерін түсіндіруде маңызды дерек бола алады.
Сүт қосылған шоколадта теобромин бар, бірақ концентрация әлдеқайда төмен; ал ақ шоколадта бұл қосылыс мүлде болмайды. Сондықтан, зерттеушілердің айтуынша, қара шоколад пайдалы әсері сақталған жалғыз нұсқа.