Ұлттық қауіпсіздік омитеті Алматы облысында кибералаяқтық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, Германия аумағындағы банктік шоттарға және жеке деректерге заңсыз қол жеткізіп отырған.
«Оның әрекетінен келтірілген залал алдын ала есеп бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды», – делінген хабарламада.
Тінту кезінде ақпарат тасымалдағыштары және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.