Алматыда пойызда 52 адам газдан уланып қалған

/
Алматыда пойызда 52 адам газдан уланып қалған
ҚТЖ

Алматыда 50-ден астам адам табиғи газдан уланды. Екі бала жансауқтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы барған.

Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендердің бәрі қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың қабылдау бөліміне жеткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары түрлі бөлімдерде жатыр.

Қалған науқастар тексеру нәтижесінде медициналық көмек алып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.

«Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Осы оқиғаға байланысты "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

"Алматы-2 теміржол вокзалында тіркелген көміртек тотығымен улану фактісі туралы тараған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлаймыз. Аталған оқиғаға Ұлттық тасымалдаушының қатысы жоқ.

Улану жағдайы анықталған пойыз "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның қарауында емес. Бұл құрам жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі. Вагондар киностудияға түсірілім өткізудің мақсатында берілген", – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары