Астана вокзалында ер адамды пышақтап кеткен

/
Астана вокзалында ер адамды пышақтап кеткен
istockphoto.com

Астанадағы "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында ер адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты.

1Астана станциясындағы желілік полиция басқармасымен пышақ жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары  жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды1, – деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің  баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары