264
Инновациялар жөніндегі VII қазақстандық ғылыми-тәжірибелік конференция
Инновациялар жөніндегі VII қазақстандық ғылыми-тәжірибелік конференция
Алматы қаласында «Білім берудегі заманауи ақпараттық технологиялар. Экономика мен білім беру саласындағы 1С технологиялық шешімдеріне негізделген инновациялар» атты VII қазақстандық Ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Іс-шара аясында білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде қызмет етіп жүрген өкілдер бас қосты. "1С" фирмасы және оның серіктестері 17 жылдан астам уақыттан бері түрлі бағыттарда білім беру жүйесімен ынтымақтасып, экономика саласында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау аясында бірлесе жұмыс атқарып келеді. "1С" фирмасының ұйымдастыратын ғылыми-тәжірибелік конференциялары тұрақты түрде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шараларға айналып отыр. Конференциялардың өткізілу ауқымы да кең: Ресей, Қазақстан, Украина, Қырғызстан, Беларусь секілді елдерді қамтиды.
Конференция бірнеше бағыттар аясында жұмыс жасайды, олардың ішінде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық үлгілері, "1С" фирмасының инновациялық шешімдері мен қызметтерін қолдана отырып бизнес пен білім беру жүйесін технологиялық жаңғырту, сондай-ақ, оқушылармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмысты даралау секілді бағыттарды атап өтуге болады.
"1С"сертификатталған оқу курстарын колледждер мен жоғарғы оқу орындардың білім беру бағдарламаларына кіріктіру мәселесіне, сондай-ақ, "1С" технологияларын қолдана отырып және де жұмыс берушілердің өкілдерін қатыстыра отырып, магистерлік, кандидаттық диссертацияларды, біліктілікті бағалайтын бітіру жұмыстарын даярлау мәселесіне де жіті көңіл бөлініп отырғаны сөзсіз. Алайда мәселе аясы бұлармен шектеліп отырған жоқ. Атап айтқанда, «1С» технологияларын оқушылар мен студенттердің оқудан тыс іс-әрекеттерінде және аудиториядан тыс жұмыстарында қолдану, студенттермен және оқушылармен жұмыс жасаудың клуб түріндегі үлгілерін дамыту мәселелері конференция аясында тақылануда. «1С» фирмасының инновациялық шешімдері мен қызметтерін қолдана отырып бизнес пен білім беру саласын технологиялық жаңғырту тақырыбы аясында конференция қатысушылары «1С: Кәсіпорын 8» технологиялық платформасын және «1С» қолданбалы шешімдерін (стационарлық, бұлттық, мобильдік) коммерциялық және бюджеттік ұйымдардың, соның ішінде білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру құралы ретінде қарастырып өтті.
«Біз осы конференцияны жетінші жыл қатарынан өткізіп келеміз, сондықтан талқылау шеңберінің кәсіби деңгейге көтеріліп отырғанын көріп отырмын, - дейді «1С Қазақстан» директоры Дмитрий Годун. – Бүгінгі күні бүкіл технологиялар мен әдістер өте жылдам өзгеріп, жетілу үстінде, соған қарамастан, жұртшылықтың осы өзгерістерге деген дайындығы біршама артып келе жатқаны қуантады. Бұл жұмыс барысын автоматтандыру аса өзекті мәселе екендігін және де оқу мекемелері оны пысықтап жатқанын айғақтайды. Әрине, көптеген мәселелерді талқылап, түсіндіріп шығу қажет, дәл осы мақсатта біз осындай ауқымды кездесулерді өткіземіз».
Конференция жұмысына «1С Қазақстан» директоры Дмитрий Годун, «1С Қазақстан» ұйымдастыратын конференцияның модераторы Анжелика Бекенова, «1С» жобасының (жоғарғы оқу орындарды автоматтандыру) жетекшісі Роман Никифоров (Мәскеу), 1С-САПА №5 оқу орталығының оқытушысы Марина Хлынова, 1С-Рейтинг өкілдері және тағы а басқа мамандар қатысты.
Конференцияға тіркелген қатысушылар қатарында «Нархоз» университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Еуразия технологиялық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті секілді тағы да басқа 87 жоғарғы оқу орынның, мамандандырылған оқу мекемелері мен ұйымдардың өкілдері бар.
Конференция аясында жоғарғы оқу орындар мен колледждердің студенттері арасында «1С: Бухгалтерия 8» бойынша өткізілген Үшінші қазақстандық кәсіби байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізіліп, бағдарламалық және әдістемелік жобалар таныстырылады, сондай-ақ, «1С: Кәсіпқой» жүйесіне тестілеу жүргізіледі (жоғарғы және орта білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін емтихан тегін).