Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов африкалық чемпионды жеңді

/
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов африкалық чемпионды жеңді
ҰОК

Қазақстандық тәжірибелі Сәкен Бибосынов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

54 келідегі жерлесіміз ширек финалда замбиялық Мвенго Мвалені тырп еткізбей, сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Теміртас Жүсіповтен кейін жартылай финалға өткен екінші отандық боксшы атанды.

Сонымен қатар бүгін тағы сегіз боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары