"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болып, таулы аудандарда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Түркістанда 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Маңғыстау облысының орталығында қалың қар түседі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 11 желтоқсанда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Алматыда 11 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 11 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 30 м/с және одан асады деп болжанады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, тұман түседі, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Таразда 11 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың шығысында 25 м/с дейін жетеді. Қызылордада 11 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында да тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертен Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.