Падел ойыны Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

/
Падел ойыны Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

Азия Олимпиадалық кеңесі падел спортын ресми түрде мойындап, оны келесі Азия ойындарының бағдарламасына енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Prosports.kz порталы жазды.

Бұл шешім паделдің бұған дейін Еуропа ойындарына, Оңтүстік Америка ойындарына және Жерорта теңізі ойындарына енгізілуінен кейін қабылданды.

Азияда падел қарқынды дамып келеді. Бүгінде 30-дан астам елде 4 600-ден аса корт пен 1 700 клуб бар.

FIP президенті Луиджи Карраро Азия олимпиадалық кеңесінің мойындауын Олимпиада ойындарына апарар жолдағы аса маңызды қадам деп атап өтті және бұл спорт түрінің Азияда ғана емес, бүкіл әлемде қарқынды өсіп келе жатқанын растады.

Айта кетейік, келесі Азия ойындары 2026 жылы Айти – Нагояда (Жапония) өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары