Жапонияның Хонсю аралында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпарат таратқан.
Берілген мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Хатинохе қаласынан (Аомори префектурасының солтүстік бөлігі) солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан. Бұл қалада шамамен 220 мың адам тұрады.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 34 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.