Павлодар облысында қырда малын іздеуге кеткен 2 тұрғын жоғалып кеткен

/
Павлодар облысында қырда малын іздеуге кеткен 2 тұрғын жоғалып кеткен
istockphoto.com

Тереңкөл ауданында 9 желтоқсан күні кешке Фрументьевка және Львовка ауылдары арасындағы дала аймағында жоғалып кеткен малды іздеу үшін жеңіл автокөлікпен кеткен екі адамдыжоғалып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Олар елді мекенге өз бетінше жете алмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу үшін іздестіру тобы құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етті, сондай-ақ іздеу жұмыстарына Павлодар қаласынан жіберілген ТРЭКОЛ көлігі тартылды, бұл қол жеткізу қиын аумақты тиімді зерттеуге мүмкіндік берді.

Сағат 01:40-та жоғалған адамдар Фрументьевка ауылынан шамамен 18 шақырым қашықтықтағы қырда табылды. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖД қызметкерлері ауа райының алдағы нашарлауы туралы СМС хабарлама алған жағдайда жолға шығуға, сондай-ақ қысқы кезеңде баратын маршрутты жақындарына хабарлауға және өзімен бірге қуатталған телефон мен навигациялық құралдар болуы қажет екенін еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары