Түркістанда абақтыда жаппай тәртіп бұзған сотталушыларға үкім шықты

/
Түркістанда абақтыда жаппай тәртіп бұзған сотталушыларға үкім шықты
istockphoto.com

Түркістан облысы прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында анықталғаны, қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде қатаң ұстау жасағында ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған - түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеуге және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктер беруді талап еткен.

Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған.

Сот сотталушылардың әрқайсысына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары