Шортандыда дәрігерді балағаттаған адам қамауға алынды

/
Шортандыда дәрігерді балағаттаған адам қамауға алынды
istockphoto.com

Шортанды аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот анықтағандай, Н. алкогольдік масаң күйде қоғамдық орында – аудандық аурухананың дәлізінде пациенттер мен кәмелетке толмаған балалардың көзінше айғайлап, балағат сөздер айтқан. Хирург оған ескерту жасаған кезде, Н. оған жауап ретінде дәрігерді балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен өзге адамдардың тыныштығын бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Н.-ның орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Жаза тағайындауда сот кінәні мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде, ал құқық бұзушылықтың алкогольдік масаң күйде жасалуын ауырлататын мән-жай деп, сондай-ақ тұрақты жұмысы мен кіріс көзі жоқ Н.-ның материалдық жағдайын ескерді.

Сот қаулысымен Н.-ға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу түріндегі ерекше талап белгіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары