Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бопсалау бойынша С-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айыпталушы С. жәбірленуші А.-дан оны масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп, ірі мөлшерде ақша талап еткен. Осы мақсатта С.-ның өтініші бойынша оның танысы У. әртүрлі абоненттік нөмірлерден А.-ға ақша талап еткен хабарламалар жіберген.
Дәлеледерді зерттеу қорытындысы нәтижесінде анықталды:
С. жәбірленушіден қандай да бір ақша талап етпеген. Оның тарапынан айыптауды растайтын хат-хабар, қоңыраулар немесе басқа да деректер анықталмаған. Мұны сот мобильді компанияларға қосымша сұрау салу, телефон байланыстары мен абоненттердің орналасқан жері туралы салыстыру, компьютерлік технологиялар саласындағы мамандардан жауап алу арқылы тексерді.
Жәбірленушіге хабарламалар жіберілген ұлының телефонына қатысты куә У.-дың айғақтары қарама-қайшы және тұрақсыз. Оның көрсетулері басқа куәлардың, мамандардың, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарының және телефон қосылымдарының детализациясымен сәйкес келмейді. Сонымен қатар, куә мәртебесінде бола отырып, У. қылмыстық жауаптылықтан жалтаруға мүдделі.
Сот шешімі:
ҚПК-нің 19-бабына сәйкес айыптау үкімі болжамдарға негізделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.
Мұндай дәлелдемелерді айыптаушы тарап ұсынбаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сот үкімімен С. ҚК-тің 194-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәсіз деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқаны дәлелденбегені үшін ҚПК-нің 394-бабының 2-бөлігінің 3) тармағының негізінде ақталды.
Бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауда ұстау шарасы күшін жойды, С. сот залында дереу қамаудан босатылды.