Мойынқұм аудандық соты қараша айында күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 28 азаматқа қатысты 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот 2025 жылғы мамыр мен қараша аралығында Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 28 азаматтың заңсыз кіргенін анықтады.
«Сотта барлық құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді.
Әрқайсысының кінәсі түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғалардың баянаттарымен дәлелденді.
Сот қаулыларымен барлық 28 азамат ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылды», - делінген хабрламада.
20 құқық бұзушыға сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасын 41 мың теңгеге дейін төмендетті (30%). 4 азаматқа сот 58 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады, ал 4 азамат 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды.