«ArtsAcademy» - алғашқы қазақстандық мамандандырылған басылым

«ArtsAcademy» - алғашқы қазақстандық мамандандырылған басылым

«ArtsAcademy» - алғашқы қазақстандық мамандандырылған басылым
ашық дереккөзі
241
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Қазақ ұлттық хореография академиясының «Arts Асаdemy» жаңа ғылыми журналының таныстырылымына қатысты. «ArtsAcademy» - бұл хореографиялық өнер және жалпы өнер саласындағы алғашқы қазақстандық мамандандырылған басылым. Мақалалар үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланады. Журнал сарапшылар қазіргі ғылыми проблемаларға өздерінің кәсіптік көзқарасын білдіре алатын, өздерінің оқыту әдістемесін айта алатын, өнер саласында өткізілген іс-шаралар туралы әсерлер мен бөлісе алатын үздік коммуникативтік алаң болады. Журналдың тұсаукесерінің рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының президенті (China National Petroleum Corporation немесе CNPC) Чжау Цзипин басшылық етуімен Қытай делегациясы қатысты. Хореография саласындағы бірінші журнал Қазақстан аумағында таратылады, шығу мерзімділігі айына 2 рет, 5 мың дана тиражбен шығарылатын болады, бірақ болашақта оны басқа елдер де таратуды жоспарлап отырмыз». Тұсаукесерге редакциялық алқаның шетелдік мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, шығармашылық жоғары оқу орындарының, ғылыми өнер институттар мен ғылым бөлімдерінің басшылары, атақты ғалымдар, сондай-ақ елдордалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысқанын атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары