Қазақстандық төреші теннистен 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

/
Қазақстандық төреші теннистен 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді
olympic.kz

Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.

Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі Тимур Ходжаев (Қарағанды) енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары