Темірлан Анарбеков – Чемпиондар лигасында матчтың үздігі атанған алғашқы қазақ қақпашысы

/
Темірлан Анарбеков – Чемпиондар лигасында матчтың үздігі атанған алғашқы қазақ қақпашысы
Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының кезекті матчының үздік ойыншысы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада өткен ойында «Қайрат» гректің «Олимпиакосына» 0:1 есебімен жол бергенімен, Анарбековтың жарқын ойыны жанкүйерлерді таңғалдырды. Қазақ қақпашысы матч барысында жеті қауіпті соққыны қайтарып, командасын бірнеше рет қиын жағдайдан алып шықты.

73-минутта Желсон Мартинштің дәл бағытталған добын тойтара алмаған Темірланға бұл эпизод жалғыз әлсіз тұс болды. Дегенмен, оның жалпы ойыны сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақ футболшысы мәртебесін иеленді.

«Қайрат» негізгі кезеңдегі алты кездесуде әзірге бір ғана ұпай еншіледі. Команда «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түсіп, «Спортингке» (1:4), «Реалға» (0:5), «Интерге» (1:2), «Копенгагенге» (2:3) және «Олимпиакосқа» (0:1) қарсы өткен матчтарда жеңіліс тапты.

Алда алматылық клубты «Арсенал» және «Брюгге» командаларымен болатын маңызды ойындар күтіп тұр.

Жанкүйерлер мен футбол мамандары Темірлан Анарбековтың бұл ойынын карьерасындағы үздік матчтарының бірі деп бағалауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары