Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Олимпиакостан» ұтылды

/
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Олимпиакостан» ұтылды

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында грек елінің «Олимпиакос» командасын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтті. Кездесуді Испаниялық төреші Хуан Мартинес бастаған қазылар алқасы жүргізді.

Бірінші таймда бастаманы қонақтар толығымен өз қолына алды. Олар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, «Қайраттың» қақпасына қысым көрсетті. Алайда, қақпашы Темірлан Анарбеков шеберлігімен көзге түсіп, команданы бірнеше рет құтқарып қалды.

Екінші таймда алаңға Валерий Громыко мен Жоржиньо шыққаннан кейін алматылықтар белсенді ойын көрсете бастады. Гректердің қақпасына бірнеше қауіпті шабуылдар жасалды. Соған қарамастан, «Олимпиакос» шабуылшысы Желсон Мартинш тар бұрыштан гол соғып, есеп ашты. Осыдан кейін «Қайраттың» қақпасын үш рет қақпа бағаны мен көлденең тіреуі құтқарып қалды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары